Архив / Egemen Қазақстан
Egemen Қазақстан
от 06 декабря 2025 г.
Скачать оригинал PDF- 1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 56-бабы екінші бөлігі бірінші абзацының, 161, 162 жəне 163-баптарының ережелері екі немесе одан көп адамның меншігіндегі мүлікке тыйым салу рəсімін жүзеге асыру үшін қолданылған кезде олар төмендегідей түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес келеді деп танылсын: 1 ) қ а р а л ы п о т ы р ғ а н қ ы л м ы с т ы қ - процестік нормалар үкiмнің азаматтық талап қою, басқа да мүлiктiк өндіріп алулар немесе мүлiктi ықтимал тəркiлеу бөлiгiнде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ғана мүлікке ты йым салуды қолдану мүмкіндігіне жол береді; 2) сотқа келіп түскен материалдарда ортақ меншік құқығындағы мүліктің күдікті (айыпталушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде тікелей аталған өзге де тұлға) деп танылмаған адамға тиесілігі туралы мəліметтердің болуы заңды жəне негізді шешім қабылдау үшін едəуір маңызы бар елеулі мəн-жай жəне, тиісінше, сот отырысында тең меншік иесіне сотқа өз ұстанымын айту мүмкіндігін бере отырып, осындай мүлікке тыйым салуды қолдану мəселесін зерттеуге негіз болып табылады.
- 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі алты ай мерзімде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мəжілісіне осы нормативтік қаулыда жазылған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының құқықтық ұстаным дарына сəйкес қылмыстық-процестік заң наманы жетілдіруге бағытталған заң жобасын енгізсін.
- 3. Осы нормативтік қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады жəне шағым жасалуға жатпайды.